Техникалық қызмет көрсету орталығы

Орталық барлық ғимараттар мен жабдықтардың техникалық инфрақұрылымын қолдаумен, қамтамасыз етумен айналысады, сондай-ақ әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу шеңберінде «ЖБДО» КММ барлық аппаратурасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталықтың негізгі міндеттері:

— компьютерлерді, желілерді, бағдарламалық жасақтама мен перифериялық жабдықтарды орнату, баптау және қызмет көрсету;

— техникалық жабдықтарды, музыкалық сүйемелдеуді, LED-экранды қамтитын іс-шараларды дайындау және өткізу, техникалық проблемаларды жою;

— «ЖБДО» КММ ресми веб-сайтын жасау және жүргізу.