Креативті жастармен жұмыс орталығы
Орталық қызметінің негізгі мақсаты – жастардың мәдениеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында форумдар, акциялар, флешмобтар, байқаулар, фестивальдар түріндегі облыстық және қалалық іс-шараларды өткізу, республикалық және халықаралық деңгейде бұқаралық іс-шаралар мен жастар бастамаларын ұйымдастыру, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды, жүйелік бағдарлама құралдарын, тиісті бағдарламалық жасақтаманы дамыту және енгізу, «ЖБДО» КММ іс-шараларын өткізуге көмек көрсету.
Орталықтың негізгі міндеттері:
— қоғамның қоғамдық, патриоттық, саяси, спорттық және мәдени өміріне жастардың кең ауқымын тарту үшін жағдай жасау;
— инновациялар саласында жастарға жан-жақты қолдау көрсету;
— қоғамдық маңызы бар бастамаларды, жастардың, жастар қоғамдық бірлестіктерінің қоғамға пайдалы қызметін қолдау;
— азаматтық, патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие жүйесін дамыту, жастар қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру және азаматтық-патриоттық, әскери-мемориалдық және мәдени-тәрбие беру жұмысының міндеттерін шешу кезінде бірігу;
— Павлодар облысының аумағында жастарды азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие беру саласындағы мақсатты республикалық, өңіраралық, өңірлік және басқа бағдарламаларды іске асыру;
— шығармашылық, рухани-адамгершілік дамуға, патриоттық және құқықтық тәрбие беруге, көптілділікке және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жастар бастамаларын іске асыру.