Жастарға қызмет көрсету орталығы

ЖҚКО қызметінің негізгі мақсаты – жастарға және жастар ұйымдарының қызметіне төменде көрсетілген бағыттар бойынша ақпараттық-консультациялық көмек көрсету:

  1. жастар мен жас отбасыларды тұрғын үй мәселелері бойынша консультация өткізу;
  2. жұмыссыз жастарды уақытша және тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша көмек көрсету;
  3. жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу;
  4. жастар арасында кәсіптік бағдар беру қызметін ұйымдастыру;
  5. жастар мен жас отбасыларға психологиялық қолдау көрсету;
  6. Павлодар облысының Жастар ресурстық орталықтарына әдістемелік жетекшілік ету.

ЖҚКО өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

— өз құзыреті шегінде конференциялар, консультациялар, семинарлар, тренингтер мен басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

— бағыттар бойынша консультация өткізу кезінде (құзыретіне сәйкес) Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды күшейтуге бағытталған ұсыныстарды қалыптастыру;

— бұқаралық ақпарат құралдарында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ақпараттық қолдау көрсету;

— жастардың өзекті мәселелері бойынша консалтингтік қызмет көрсету.