«ЖАС САРБАЗ» әскери-патриоттық клубы
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мақсаты – Қазақстан Республикасы жас азаматы тұлғасының патриоттық, дене, зияткерлік және рухани тұрғыдан, оның көшбасшылық қасиеттерінің дамуына жәрдемдесу. Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. «Жас сарбаз» клубы аясында әскерге шақыру жасына дейінгі жастар ҚР Қорғаныс министрлігі қабылдаған 1974 жылғы Калашников автоматының құрамдас бөліктеріне үйренуден бастап, алғашқы әскери дайындықпен, сондай-ақ дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін адам денесін модельдейтін макеттің жұмысымен таныса алды. Сонымен қатар «Жас сарбаз» клубында ату нормативтерін жаттықтыруға мүмкіндік беретін лазерлік ату тренажері Лазертаг орнатылған