Music Room

Music Room – сапалы музыкалық жабдықтармен және электр гитара, бас-гитара, акустикалық гитара, фортепьяно, барабандар, сылдырмақтар және т.б музыкалық аспаптармен жабдықталған музыка кабинеті.

Біздің кабинет әр түрлі жастағы жастарға дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін кез келген бос уақытында келіп, сүйікті аспаптарында ойнауға, аспап ойнауды үйренуге, ЖБДО-да өткізілетін және одан да тыс жерлерде өнер көрсету тәжірибесін жинауға, өздерінің музыкалық топтарымен әндерінің репетициясын жасауға, дуэттермен және жеке өздері репетиция жасауға мүмкіндік береді.

Кабинеттің атмосферасы достыққа негізделген, егер бірдеңе дұрыс болмаса немесе аспапта ойнауды бастап жатсаңыз, сізге көмектеседі, тіпті ойнауды да үйретеді.