Media орталығы
Media орталығы жастардың назарын аударуға бағытталған медиа контентін құрумен және оны таратумен айналысады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
— жастар орталығының бейнесі мен имиджін қалыптастыру, сондай-ақ орталық қызметін кең аудитория арасында танымал ету;
— өткізілген іс-шаралардың барысы туралы есеп ақпаратын дайындау;
— жастарды әртүрлі іс-шараларға қатысуға тарту;
— орталықтың қызметі мен жобалары туралы баспа өнімдері мен үлестірме материалдардың жобаларын әзірлеу және дайындау;
— брошюралардың, афишалардың, баннерлердің, грамоталардың және т.б. эскиздерін әзірлеу;
— фото-бейне өнімдерінің эскиздерін әзірлеу;
— бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бойынша есеп жүргізу, есеп құжаттамасын жасау;
— сайтты ақпаратпен қамтамасыз етуді, әртүрлі веб-сайттар мен әлеуметтік парақшаларда мақала жариялауды бақылау;
— «ЖБДО» КММ қызметінің фото-бейне түсірілімдерінің эскиздерін әзірлеу;
— ТВ, радио, баспа басылымдарына баруды есепке алу және бақылау;
— жаңалықтар, іс-шаралар анонстары, қызықты материалдар мен өзекті трендтер жарияланатын әлеуметтік желілерде «ЖБДО» КММ ресми парақшаларын ашу және оларды басқару.

