Жастарға қызмет көрсету орталығы
ЖҚКО қызметінің негізгі мақсаты – жастарға және жастар ұйымдарының қызметіне төменде көрсетілген бағыттар бойынша ақпараттық-консультациялық көмек көрсету:
- жастар мен жас отбасыларды тұрғын үй мәселелері бойынша консультация өткізу;
- жұмыссыз жастарды уақытша және тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша көмек көрсету;
- жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу;
- жастар арасында кәсіптік бағдар беру қызметін ұйымдастыру;
- жастар мен жас отбасыларға психологиялық қолдау көрсету;
- Павлодар облысының Жастар ресурстық орталықтарына әдістемелік жетекшілік ету.
ЖҚКО өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
— өз құзыреті шегінде конференциялар, консультациялар, семинарлар, тренингтер мен басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
— бағыттар бойынша консультация өткізу кезінде (құзыретіне сәйкес) Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды күшейтуге бағытталған ұсыныстарды қалыптастыру;
— бұқаралық ақпарат құралдарында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ақпараттық қолдау көрсету;
— жастардың өзекті мәселелері бойынша консалтингтік қызмет көрсету.